389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропада иммунитет тапшылығының вирусын жұқтырғандар саны көбейіп барады

  • 653
  • UPD: 23:52, 28.11.2017

Еуропада адамның иммунитет тапшылығының вирусы індетін жұқтырғандар саны артып барады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының мәліметтеріне қарағанда 2016 жылы көрсеткіш рекорд жаңартқан. Яғни алдыңғы жылғыға қарағанда 160 мың адамға артық. Бұл Кәрі құрлықтағы 900 миллион халық тұратын 53 мемлекеттің ғана көрсеткіші. Дертке шалдыққандардың 80 пайызы Шығыс Еуропа елдерінен екен.

Мамандардың айтуынша, егер өсім дәл осы қарқынмен жалғаса беретін болса, аурудың таралуын тежеу мүмкін болмай қалады.

Айта кетейік, бүгінде әлем бойынша 37 миллион халық адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған. Көбінесе індет дәрі-дәрмекпен толық қамтылмаған, медицинасы нашар дамыған аймақтарда таралады.

Хабар 24 телеарнасы