385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биткоин курсы тарихи максимумын жаңартты

  • 583
  • UPD: 13:49, 29.11.2017

Сөйтіп оның құны 10 мың доллардан асқан.

Осылайша танымал криптовалютаның бағамы қазаннан бері екі есеге өскен. Мамандар бұл жағдайды инвесторлар тарапынан қызығушылықтың артуымен түсіндіріп отыр. Өйткені әлемдегі ең ірі биржалардың бірі Чикаго биржасының өкілдері жыл соңына дейін биткоин үшін фьючерстерді іске қосуға ниетті екенін жеткізген. Оның үстіне «Оңтүстік Кореядағы ірі банктердің бірі осы криптовалютада қызмет көрсетуі мүмкін» деген ақпар да тараған. Ал сарапшылар «биткоин курсы әлі де өсе береді» деп топшылап отыр. «Келер жылдың соңына дейін оның құны 15-20 мың долларға дейін жетуі мүмкін» деген болжам бар. Алайда оны жоққа шығарып жатқандар да табылды.

Джеймс Хьюс, қаржы сарапшысы: 

- Соңғы уақытта беделді қаржы басылымдарының бәрі биткоин туралы жарыса жазып жатыр. Қазір ол үлкен сұранысқа ие. Десе де мұның алыпсатарлар әрекетінен туындаған жағдай болып шығуы да ғажап емес. Сөйтіп күндердің күнінде инвесторлар тақырға отыруы ықтимал. Алайда мұның қашан болатынын дөп басып айту мүмкін емес.

Хабар 24 телеарнасы