384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталонияға ағылған туристер саны азайды

  • 405
  • UPD: 15:47, 01.12.2017
Каталонияға ағылған туристер саны азайды

Саяси дағдарыс орнағалы Каталонияға ағылған шетелдік туристер саны азайған.

Қазанда мұнда 1 жарым миллион саяхатшы келіпті. Олардың дені Ұлыбритания мен Франция азаматы. Бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда, шамамен 5 пайызға аз болып шықты. Айта кеткен жөн, 1 қазанда Каталонияда Испаниядан тәуелсіздік алу туралы референдум өткен еді.

Алайда ресми Мадрид оны заңсыз деп таныған. Соған қарамастан автономиялық аймақтың парламенті егемендігі туралы декларацияны қабылдады. Осыдан кейін орталық билі  каталондық үкіметті отставкаға жіберіп, парламентті таратқан. Енді мерзімінен бұрын парламенттік сайлау 21 желтоқсанға жоспарланып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы