386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондураста жаппай тәртіпсіздіктер белең алды

  • 507
  • UPD: 21:54, 02.12.2017

Гондураста коменданттық сағат жарияланып, режім 10 күнге созылмақ.

Билік жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты осындай шешім қабылдаған. Бұған өткен аптадағы президенттік сайлау түрткі болып отыр. Жұрттың айтуынша, әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, оппозиция өкілі алда келе жатқан. Алайда саяси доданың алдын ала нәтижесі қазіргі президенттің одан озып кеткенін көрсетіп отыр. Сондықтан халық қайта дауыс санауды талап етіп жатыр.

Ереуіл соңы жаппай  тәртіпсіздіктерге ұласып, 1 адам қаза тапқан. Тағы 20-ға жуығы жарақат алды. Ал 100-ден астам тұрғын тұтқындалды. Олар банктерді, сауда орталықтары мен көліктерді тонаған екен.

Хабар 24 телеарнасы