375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

NASA Юпитердегі айрықша бұлттың суретін жариялады

  • 1049
NASA Юпитердегі айрықша бұлттың суретін жариялады pbs.twimg.com

NASA Юпитердің солтүстік жарты шарындағы ерекше бұлттардың суретін жариялады.

Бұл суреттерді Juno ғарыш кемесі бұлттардың жоғарғы қабатынан 18 906 шақырым қашықтықтан түсірген. Бұл – шамамен Нью-Йорк пен Аустралияның арасындағы қашықтық.

Ғалымдар толық зерттеу үшін суретті көк фильтрден өткізді. Оның масштабы – бір пиксельге 12 шақырым.

Айта кетейік, Juno 2011 жылдың 5 тамызында Юпитерді зерттеу үшін жасалып, оның орбитасына 2016 жылдың 5 шілдесінде жіберілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы