378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте полицейлер жаяу жүргіншілерді басып өткен күдіктіні ұстады

  • 389
  • UPD: 07:56, 04.12.2017
Нью-Йоркте полицейлер жаяу жүргіншілерді басып өткен күдіктіні ұстады Jim Watson

Нью-Йоркте полиция қызметкерлері бір топ жаяу жүргіншілерді көлікпен басып өткен күдікті адамды ұстады.

Бұл туралы Associated Press мәлімдеді.

Агенттіктің хабарлауынша, алдымен автокөлік паркінде жанжал болған. Күдікті көліктен шығып, екі адамды пышақпен жаралап, одан кейін бір топ жаяу жүргіншілерді басып өткен. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі жарақат алды. Агенттік қазір күдікті ұсталып, оған әлі айып тағылмағанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы