384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рим халқы айдың толуын тамашалады

  • 721
  • UPD: 14:44, 04.12.2017
Рим халқы айдың толуын тамашалады

Италия астанасының тұрғындары өте сирек кездесетін астрономиялық құбылыс айдың толуын тамашалады.

Бұл күні аспан денесі Жер шарына өте жақын келді. Яғни 357 мың 495 шақырымға таяды. Рим тұрғындарының таңданысында шек жоқ. Дерек бойынша, ай 7 пайызға артық дөңгеленіп, 16 пайызға жарқырай түскен. Ғалымдар үшін бұл құбылыс аса маңызды болмағанмен, жұртшылыққа қызық. Енді айдың ең күшті толуы келесі айдың 2-31аралығында қайталанады. Ал соңғы 100 жылда Ай Жерге 1948 жылы өте жақын келген екен. Ол кезде аспан денесі біздің ғаламшарымызға бүгінгіден 1 мың шақырымға көбірек жақындаған.

БЛИЦ:

– Бүгін айдың ең толысатын сәті дегенді естіп, соны көру үшін осы жерге арнайы келдік. Бұл – шаһардағы күннің батуы, айдың шығуы сияқты әсерлі сәттерді тамашалай алатын өте қолайлы орын.

– Менің білуімше, бұл құбылысты дүние жүзі тамашалайды. Өйткені сирек болатын сәт. Ғашықтар мен алғаш рет көріп тұрған балалар үшін романтикаға толы кеш десем болады.

Хабар 24 телеарнасы