384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Албанияда толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласты

  • 649
  • UPD: 11:37, 05.12.2017

Салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы 3 тұрғын жарақат алған. Табиғи апаттан елдің орталық және оңтүстік ауданы қатты зардап шеккен. Мұнда мыңдаған тұрғын жарықсыз отыруға мәжбүр. 300-ден аса үй қирап қалған. Мемлекет астанасы Тирана қаласында да жағдай күрделі. Мұнда халықаралық әуежай қызметін уақытша тоқтатқан. Мектептер жабық тұр. Бірқатар күре жолды су шайып кеткен. Топан су салдарымен күреске 7 мыңнан астам маман жұмылдырылды. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олар «ақ жауынның алдағы күндері басылатын түрі жоқ», – дейді. Ол аздай «бірнеше өзен арнасынан тасуы мүмкін» деген күдік басым.

Эди Рама, Албанияның премьер-министрі: 

- Өкінішке қарай, біздің елде су тасқынынан жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсету жағы ақсап тұр. Сондықтан үйлеріміз бен бизнесімізді табиғи апаттан сақтандыру туралы заңды жетілдіру керек. 

Хабар 24 телеарнасы