375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда Тереза Мэйге қарсы қастандық жасалмақ болды

  • 560

Ұлыбританияның қауіпсіздік қызметі Тереза Мэйге қарсы жоспарланған қастандықтың алдын алды.

Sky News ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қаскөйлер шабуылды Корольдіктің премьер-министрі тұратын резиденция алдында жасамақ болған. Қазір осы іске қатысты екі адам тұтқындалды. Олардың бірі 20-да, екіншісі 21 жаста. Мәліметтерге қарағанда күдіктілер қолдан жасалған жарылғышты Даунинг стритте жарып, артынша Тереза Мэйді пышақтамақ болған. Британдық барлау қызметі басшысының айтуынша, жыл басынан бері Корольдікте 9 терактің беті қайтарылды. Дегенмен Скотланд-Ярд мүшелері тұтқындалған екі азамат премьер-министр Тереза Мэйге қарсы шабуыл жасамақ болды деген ақпаратты растаудан бас тартты.

Хабар 24 телеарнасы