384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландтағы су тасқынынан 15 адам мерт болды

  • 500
  • UPD: 07:46, 07.12.2017

Таиландтағы нөсер мен тасқын кесірінен соңғы 10 тәулікте 15 адам мерт болды.

Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі хабарлады. Мәліметтерге қарағанда марқұмдардың бәрін екпінді ағыс ағызып әкеткен. Жалпы қолайсыз ауа райы елдегі 8 провинция тұрғындарының есін шығарып тұр. Алайда саяхатшылар ең көп келетін Пхукет, Краби және Пханга қалаларындағы ахуал бірқалыпты. Ал тасқын жүрген кей өңірлерде судың тереңдігі екі метрге дейін жетеді. Табиғаттың тосын мінезінен 1 миллиондай тұрғын жапа шекті. Оларға жергілікті әскерилер жәрдем беріп жатыр. Мұнда үйлер қирап, егіс алқаптарын су шайып кеткен. Синоптиктердің болжамы да халықтың көңілін көншітпей отыр. Алдағы күндері күннің қабағы одан әрі қатулана түсетін түрі бар. 

Хабар 24 телеарнасы