389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондураста оппозиция өкілдері президенттік сайлау нәтижелерінің күшін жоюды талап етіп отыр

  • 653
  • UPD: 09:56, 10.12.2017

Сөйтіп жоғарғы сайлау сотына шағым түсірген.

Айта кеткен жөн, елде президенттік сайлау 26 қарашада өткен. Алайда қорытындысы ұзақ уақыт бойы жарияланбады. Бұл жағдай халықтың наразылығын тудырды. Жұрт ереуілге шығып, көп жағдайда соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан. Соңғы мәлімет бойынша, қазіргі президент Хуан Орландо Эрнандес 42,98 пайыз дауыс жинаған. Оның бас қарсыласы, оппозиция өкілі Сальвадор Насралла еншісінде 41,38 дауыс бар. Алайда оппозиция саяси шара нәтижелерін мойындамайды. Ал додада басым түскен Хуан Орландо Эрнандес ресми түрде қайта сайланған президент деп әлі жария етілген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы