389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливандағы АҚШ елшілігінің алдында өткен ереуіл соңы қақтығысқа ұласты

  • 597
  • UPD: 22:08, 10.12.2017

Ливан астанасындағы АҚШ елшілігінің алдында өткен ереуіл соңы қақтығысқа ұласты.

Бұзақылық жасаған топты тарату үшін полиция көз жасаурататын газ қолданып, сумен атқылаған. Жергілікті арналардың хабарлауынша, елшілік маңындағы ереуілге бірнеше мың адам жиналған. Олар АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп мойындауына наразы. Сондықтан Ақ үй басшысының суреті мен Израиль жалауын өртеген.

Бұған дейін Араб елдері лигасының сыртқы істер министрлері: «АҚШ Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындаған мәлімдемесінен бас тартуы тиіс», – деді. Сонымен қатар олар Палестинаны халықаралық заң бойынша мойындауға шақырды. Ал Ливан АҚШ-тың бұл әрекетіне жауап ретінде санкциялар салуға үндеді.

Хабар 24 телеарнасы