388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азиядағы ең биік ғибадатхана жанып кетті

  • 776
  • UPD: 13:37, 11.12.2017

Қытайда Азиядағы ең биік будда ғибадатханасы жанып кетті.

Елдің Сычуань провинциясындағы 16 қабатты ағаш ғимаратта өрттің неден шыққаны әлі белгісіз. Оқиға кезінде ешкім жапа шеккен жоқ. Апат орнына өрт сөндірушілер дер кезінде жеткенімен, бірнеше ғасырлық тарихы бар ғибадатхананы сақтап қала алмады. Ал ғимарат 14-17 ғасырда Қытайда Мин әулеті билеген кезде салынған. Бірақ 2008 жылы жер сілкінісінен қатты бүлініп, жөндеуге жабылған болатын. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы