386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондурастағы сайлау қорытындысы қайта қаралды

  • 354
  • UPD: 18:17, 11.12.2017

«Гондурастағы президенттік сайлау нәтижелері бұрмаланған жоқ. Сондықтан дауыс беру кезінде ешқандай заңбұзушылық болмаған».

3 мыңнан астам бюллетеньді қайта санап шыққан Жоғарғы сайлау соты осындай қорытындыға келді. Айта кеткен жөн, саяси дода 26 қарашада өткен болатын. Алайда оның нәтижелері ұзақ уақыт жария етілмеді. Бұл жайт жұрттың жаппай наразылығын тудырған. Соңғы әрі нақты қорытынды бойынша, қазіргі президент Хуан Орландо Эрнандес 42,98 пайыз дауыс жинаған. Оның бас қарсыласы оппозиционер Сальвадор Насралланың еншісінде 41,38 дауыс бар. Алайда оппозиция өкілдері бұл нәтижелерді мойындамайтынын айтып, бюллетеньдерді қайта санап шығуды талап еткен еді.

Хабар 24 телеарнасы