378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп АҚШ астронавттарын Айға қайтадан ұшыруды көздеп отыр

  • 520
  • UPD: 09:12, 12.12.2017
Трамп АҚШ астронавттарын Айға қайтадан ұшыруды көздеп отыр

АҚШ Президенті Дональд Трамп NASA-ға Американың ғарыш бағдарламасын барлау және зерттеуге қайта бейімдеуді тапсырды. Ақ үй иесі осыған байланысты сәйкес директивалық құжатқа қол қойды.

Бұл туралы Associated Press хабарлайды. 

Трамптың айтуынша, бұл американдық астронавттардың 1972 жылдан бері Айға оралуы жолындағы маңызды қадам болып табылады. Сондай-ақ ол Құрама Штаттардың Марсты бағындыруына да мүдделі.

Еске сала кетсек, Трамп қараша айында Токио маңындағы әскери базада сөз сөйлеп тұрып, АҚШ-тың «жер мен көктегі үстемдігі» туралы мәлімдеген болатын.

Associated Press

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы