388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика астанасындағы АҚШ елшілігінің алдында ереуіл өтті

  • 413
  • UPD: 11:49, 15.12.2017

Наразылық шеруге Орталық Америка елдерінің әйелдері жиналған.

Басым бөлігі – жарқын өмір іздеп ел ауып кеткен баласын жоғалтқан аналар. Олар ресми Вашингтонның босқындар қауіпсіздігін қамтамасыз етуі туралы келісімді тоқтатуына қарсылықтарын білдірді. Туған туысы мен бауыр еті баласын жоқтап келгендердің қатарында Сальвадор, Гондурас, Гватемала және Никарагуа елдерінің өкілдері бар.

Блиц:

- Бауыр етің балаңнан көз жазып, хабар-ошарсыз қалу – ауыр қасірет. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым. Құлыншағымның туған күні, мені аналар күнімен құттықтауы, барлығы көз алдымнан бір кетер емес.

- Әуелі биліктен тек көмек беруді өтінген едік. Енді сұрамаймыз, талап етеміз. Өйткені балаларымыз алаяқ не қылмыскер емес. Олар еліндегі қылмысты көріп, болашағы бұлыңғыр болғандықтан жарқын өмір іздеп шекара асты. Алайда айналып сол қылмыскерлердің қолына түскен сыңайлы. Енді ол жауыздар балаларымыз қатарына қосылмаса өлтіріп тастаудан тайынбайды.

Айта кетейік, күні кеше Мексика полициясы жүк көлігінің тіркемесіне қамалған 29 мигрантты құтқарды. Олардың 11-і бала. Қарақшылар тіркемені жанармай бекетінің жанына қалдырып кеткен. Мексиканың адам құқығы жөніндегі ұлттық комиссиясының деректеріне қарағанда, ағымдағы жылдың алғашқы айында 10 мың босқын қарақшылардың тұзағына түскен. Ал Amnesty International ұйымының хабарлауынша, ұрланған 10 әйелдің алтауы жыныстық зорлық-зомбылық көреді.

Хабар 24 телеарнасы