382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда арнайы қызметтің жаттығу лагеріне шабуыл жасалды

  • 363
  • UPD: 19:28, 18.12.2017

Ауғанстан астанасы Кабулда қарулы топ арнайы қызметтің жаттығу лагеріне шабуыл жасады.

Қаскөйлер құрылысы бітпеген көрші ғимаратты басып алып, бірден атысқа көшкен. Қалада қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Бұған дейін Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысының содырлары да екі бірдей бақылау бекетіне шабуыл жасаған еді. Сол кезде 14 полиция қызметкері оққа ұшты. Осыған ұқсас оқиға Кандагар провинциясында да болды. Онда жанкешті тізгінге алған көліктің күлі көкке ұшты. Соның салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тауып, төртеуі жараланды. Бұл қастандықты әзірге ешбір топ мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы