389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондураста президент сайлауынан кейінгі шерулерде қаза тапқандар саны артты

  • 502
  • UPD: 17:56, 19.12.2017

Гондураста президент сайлауының қорытындысы жарияланғаннан кейін елде ереуілдер белең алды.

Шеру кезінде 26 жастағы ер адам әскерилердің қолынан қаза тапты. Оқ басына тиіп, сол бойда жан тапсырған.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, шеру Сан-Педро-Сула қаласында болған.

Айта кетейік, Хуан Орландо Эрнандес президент сайлауында жеңіске жетті деп жарияланғаннан бері бас көтерулер жиілеп тұр.  Сайлау қорытындыларына қарсы ереуілдерде қаза тапқандардың саны 17-ге жетті. Ал Гондурас билігі жаңа сайлау өткізуден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Бұл туралы билік баспасөз мәслихатында жария етті.

Хабар 24 телеарнасы