389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хуситтер Сауд Арабиясына сес көрсетті

  • 577
  • UPD: 11:50, 20.12.2017

Йемендегі хусит бүлікшілері Сауд Арабиясы астанасын тағы да баллистикалық зымыранмен атқылап, елдің әскери және мұнай нысандарына соққы беретінін жриялады.

Сөйтіп биліктен тайдырылған президент Абд Раббу Мансур Хадиға жақтасып, соғысып жатқан Эр-Риядқа қоқан-лоққы көрсетті. Бірақ саудиялық күштер зымыранды дарытпай атып түсірген.

Шабуылдан ешкім жапа шеккен жоқ. Ал хуситтер Эр-Риядтағы патша сарайын нысанаға алғанын мәлімдеді. Осы шабуылдан кейін АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасына тыйым салатын қарар қабылдауды ұсынды. Өйткені Вашингтон хуситтерге бұл қару түрін Тегеран беріп отыр деген пікірде. Айта кетейік, хуситтер өткен айда да Сауд Арабиясының астанасына баллистикалық зымыран атқан еді. Ол уақытта да әуе қорғанысы қорғанып үлгерген.

Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі:

– Қазір бұл оқиғаға қатысты қолымызда толық ақпарат жоқ болғанмен, оның алдыңғы ирандық зымыран шабуылына ұқсайды. Оқиға ел басшылығының кездесуі өтіп жатқан кезде болған. Әйтеуір бұл жолы да саудиялық күштер зымыранды атып түсірді. Дегемнен қарудың бір күні нысанаға дәл тиюі ықтимал.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы