387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтондағы теміржол апатына жылдамдықтың артуы себеп болуы мүмкін

  • 687
  • UPD: 11:51, 20.12.2017

АҚШ-тың Вашингтон штатындағы теміржол апатына жылдамдықты арттыру себеп болуы мүмкін.

Бұл туралы көлік қауіпсіздігі жөніндегі басқарма өкілі Белла Дин-Зарр мәлімдеді. Оның айтуынша жолаушылар пойызы сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүретін жол бөлігінде 130 шақырым жылдамдықпен жүйткіген.

Апаттың тағы бір себебі бұл учаскеде пойызды тоқтататын немесе оның жүрісін баяулататын қауіпсіздік жүйесі жұмыс істемеген. Бірақ Дин-Зарр: «Апаттың нақты себебі тек ауруханада жатқан пойыз жүргізушісі және оның көмекшісімен әңгімелескеннен кейін ғана анықталады», – дейді. Еске сала кетейік, Вашингтон штатындағы теміржол апаты кеше Дюпон қаласына жақын жерде болды. 78 жолаушысы бар пойыз көпірден өте бергенде апатқа ұшыраған. Салдарынан 6 адам көз жұмып, 70-тен астам жолаушы жарақат алды.

Белла Динх-Зарр, көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңес өкілі:

– Қазір біздің мамандар оқиға болған жерде жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ ауруханада жатқан пойыз жүргізушісімен және оның көмекшісімен сөйлесуіміз керек. Апаттың себебін сонда анықтаймыз деп үміттенем.

Хабар 24 телеарнасы