Г. Тобишовски EXPO-ны жоғары деңгейде өткізгені үшін Қазақстанға ерекше ықылас танытты

Астанада өткен EXPO 2017 көрмесіндегі басты тақырып баламалы энергия көзін табудың маңызы күн санап артып келеді.

Бұл – қазіргі заманның өзекті мәселесі. Польшаның энергетика министрінің орынбасарының ой-пікірі осыған саяды. EXPO-ға арнайы келіп кеткен варшавалық мәртебелі мейман әлемдік көрмені жоғары деңгейде өткізгені үшін еліміздің атына ерекше ықылас танытты.

Гжегож Тобишовски, Польша энергетика министрінің орынбасары: 

– Қазақстанға алғаш рет барып, болашақ энергиясына арналған EXPO көрмесінің ұйымдастырылуынан үлкен әсер алдым. «Нұр Әлем» секілді керемет павильон салғандарыңызбен құттықтаймын. Болашақта Польша да осындай беделді көрме өткізеді деп үміттенемін. Kazenergy Энергетика Конгресі секілді маңызды шараға шақырғандарыңызға алғысымды білдіремін. Осы шара барысында тәжірибе алмасып, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне мұқият зер салуға мүмкіндік алдым. Әлемде өз орны бар польшалық фирмалар энергетикалық және минералдық ресурстар өндіру саласында Қазақстанмен тығыз әріптестік орнатуы қажет деп ойлаймын. Сонымен қатар инновациялармен бөлісуге де дайынбыз.