385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йоркте жаңа жыл шары орнатылды

  • 418
  • UPD: 15:23, 29.12.2017

Нью-Йоркте дәстүрлі жаңа жылдық шарды орнату жұмыстары аяқталды.

Құрылымның салмағы 5 тонна. Ол 2 жарым мыңнан аса шағын шыны бөлшектен тұрады. Негізі шардың сыртын безендіру үлгісі жыл сайын өзгеріп отырады. 31 желтоқсанда жергілікті уақытпен 23:59-да оны төменге түсіре бастайды. Сағат тілі 12-ні соққанда, құрылым 23 метр биіктіктен ең төменгі нүктеге жетеді. Бұл Жаңа жылдың келгенін білдіреді. 

Айта кеткен жөн, шарды арнайы тұғырдан түсіру дәстүрі АҚШ-та 1907 жылдан бері жалғасып келеді. Тек 1942 және 1943 жылдары ғана ІІ дүниежүзілік соғыс кесірінен шара өткізілмей қалған болатын.   

Хабар 24 телеарнасы