386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия үшін 2017 жыл тосын оқиғаларға толы болды

  • 528
  • UPD: 17:44, 29.12.2017

Германия үшін биылғы жыл тосын оқиғаларға толы болды.

Елді жаңа президент Франк-Вальтер Штайнмайер басқарды. Еуропалық мемлекеттің экспорты бір триллион еуродан астам кіріс әкелді. Ал Берлин хайуанаттар бағында көп жылдан бері алғаш рет ақ аюдың қонжығы дүниеге келді.

Немістер үшін биылғы жылдың ең маңызды оқиғасы Бундестагқа сайлау болды. 42 партияның ішінде тек алтауы ғана парламентке өтті. Канцлер Ангела Меркельдің Христиан-демократиялық партиясы 33 пайыз дауыс жинап жеңіске жетті. Дегенмен сайлау қорытындысына көп адамның көңілі толмағаны белгілі. Себебі Германияда 1949 жылдан бері алғаш рет оңшыл популистік партия 13 пайыз дауыспен ел парламентіне өтті.

Кристиан Петри, Бундестаг депутаты:

- Жалпы  2017 жыл жақсы болды  деп айтуға болады. Бірақ парламенттік сайлау күтпеген нәтижемен аяқталды. Өйткені ең танымал Христиан-демократыиялық партиясы мен Социал-демократтар көп дауысынан айырылып қалды. Ал «Германия үшін балама» деп аталатын партияның жетістігі біз үшін тосын оқиға болған жоқ. Себебі қоғамда шынымен наразылық байқалады. Сондықтан барлық саяси бірлестік бұл додадан қандай да бір қорытынды шығаруы тиіс.

Биылғы жыл немістер үшін Еуропадағы ең ірі әуе компаниясы «Эйр Берлиннің» банкротқа ұшырауымен де есте қалды. 40 жылдық тарихы бар бірлестік соңғы жылдары өте көп шығынға ұшырап, тіпті оны мемлекеттің қаржылай демеуі де құтқара алмады. Нәтижесінде ірі компанияның қызметкерлері жұмыссыз қалды. Ал жолаушылар «Эйр Берлин» рейстерінің жиі кешігіп, діттеген жерге дін аман жете алмауын көп уақыт есте сақтайтындықтары анық.

Людвиг, Берлин тұрғыны:

- Мен Абу-Дабиге қарай ұшуым керек еді. Бірақ рейсімді кейінге шегеріп, 8 сағат күткенім бар. Мұндай жағдайды бірінші рет басымнан кешіп отырмын. Ешкім маған ұшақ қанша уақытқа кешігетінін түсіндіріп айта алмады. Компания көп қиындық туғызды.

2017 жыл «Сименс» компаниясы үшін де сәтсіз болды. Миллиардтаған кірісі бар бірлестік дүние жүзі бойынша 7 мың қызметкерін жұмыстан босатты. Дегенмен осындай қиыншылықтар мен жанжалдарға қарамастан неміс компаниялары биыл рекордтық кіріске ие болды. Оның көлемі триллион еуродан асты. Қазір халық жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Бранденбург қақпасы алдындағы басты шыршаның шамдары да жағылған.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы