378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорк тұрғындары жадында сақталған жағымсыз естеліктерімен қоштасты

  • 381
  • UPD: 21:42, 29.12.2017

Таймс-скверге жиналған көпшіліктің қолына бір-бір парақ ақ қағаз берілген.

Олар сол таза параққа ұмытқысы келетін естеліктерін жазады. Тіпті қаласа оқиғаны еске салатын заттарын да осында әкеліп тапсыра алады. Алайда өткізген заты тек қағаздан жасалған болуы шарт. Ол парақтар қағаз турағыш құрылғыға салынады. Осылайша жиылғандар жамандықтың бәрін артта қалдырып, жаңа жылға үмітпен өтеді. Мұндай акция Нью-Йоркте осымен 11-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Блиц:

- Ескі жыл мен үшін сәтті болған жоқ. Жаңа жылды жаңа үмітпен бастағым келеді.

- Биыл ата-анам ауырып, қабағымыз бір ашылмады. Алдағы жылы осындай көңілсіз сәттер ұмытылып, тек қуанышты болса екен тілейміз. Жанымда әкемнің болғаны қандай жақсы!

Хабар 24 телеарнасы