386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

  • 504
  • UPD: 08:33, 30.12.2017

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ыстамбұлда да қауіпсіздік шарасы күшейтілді.

Ішкі істер министрлігінің шешімімен 31 желтоқсан күні қаланың тыныштығын күзетуге 37 мың полицей мен 117 әскери техника жұмылдырылатын болды. Тәртіп сақшылары ойын-сауық орталықтары, халық көп шоғырланатын орындар мен әуежай, метро, теміржол мен сапаржай сынды стратегиялық маңызды нысандарды жіті қадағалайды. Сондай-ақ биыл Таксим мен Бешикташ алаңдарында жаңажылдық мереке тойланбайды. «Қоғамның қауіпсіздігі үшін жергілікті әкімшілік ол аумақта барлық мәдени іс-шараларға тыйым салды», – деп хабарлайды арнамыздың Түркиядағы меншікті тілшісі Ержан Жүніс.

Хайри Таш, сатушы:

– Халықтың тыныштығы алғашқы орында. Сондықтан қауіпсіздік шараларының артуына түсіністікпен қараймыз. Жергілікті тұрғындар мен біз сияқты Таксим алаңындағы сатушылар үшін жасалып отыр деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы