387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда әйелдердің қауіпсіздігі күшейтілді

  • 520
  • UPD: 11:39, 30.12.2017

Берлинде жаңажылдық шараларды ұйымдастырушылар әйелдерге арналған арнайы қауіпсіз орындар әзірледі.

Мұнда өміріне қауіп төнген немесе біреуден күдіктенген нәзік жандылар келіп, көмек алады. Оған қоса полиция қызметі де қыз-келіншектердің жеке басын қорғауына көмек беретін арнайы кеңестер таратты. Шаһар билігінің мұндай қадамға баруына 2015-2016 жылдардағы жаңажылдық кеште Кёльнде орын алған оқиғалар себеп болған. Ол кезде шет мемлекеттен бас сауғалап келген босқындар жергілікті әйелдерді тонап кеткен. Тіпті кейбіреуі зорлық көрсеткен. Бұл жағдай Германия жұртшылығын сақ болуға үйретті. Осыдан кейін билік мереке күндері нәзік жандыларға қамқорлықты күшейткен. 

Хабар 24 телеарнасы