380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондондағы дәмханалардың бірінде атыс болды

  • 570
  • UPD: 23:08, 30.12.2017

Ұлыбритания астанасы Лондонда атыс болып, 16 жасар екі бала жараланды.

Жапа шеккендер жедел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиға шаһардың Ньюем ауданындағы дәмханада болды. Белгісіз бір адам тамақтанып отырған адамдарға оқ жаудырып, қашып кеткен. Қазір полиция қаскөйді іздестіріп жатыр. Қылмыскердің мұндай әрекетке неліктен барғаны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы