386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда жемқорлыққа қарсы ереуілдер кезінде 2 адам қаза тапты

  • 733
  • UPD: 15:19, 31.12.2017

Ирандағы ахуал ушығып барады.

Мұнда үш күн бұрын басталған ереуілдер ел астанасы Тегеранға да жетті. Ашынған топ полицейлермен қақтығысып, мемлекеттік нысандарды басып алуға талпынған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Доруд қаласындағы қақтығыс кезінде тәртіп сақшыларының оғынан екі адам қаза тапты. Дегенмен әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ. Жергілікті арналардың хабарлауынша, тұрғындар елдегі өмір сүру жағдайының нашарлығы мен жемқорлыққа наразы. Ал үкіметтегілер азаматтардың билікке қарсы бас көтеруіне сыртқы күштер әсер етті деп отыр. Сондықтан ереуілдерді заңсыз деп таныды. Тіпті митингке қосылушылардың жолын бөгеу үшін қоғамдық көліктердің қатынасын тоқтатты. Ал Тегеран полициясының өкілі шаһар толықтай тәртіп сақшыларының бақылауында екенін мәлімдеп, наразы топтың тарауына кеңес берді. Бұған дейін билік ереуілге бастамашы болған оншақты адамды қамауға алған. Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп Иран үкіметінің наразылыққа шыққандарға қарсы қандай шара қолданатыны әлем елдерінің назарында екенін ескертті. 

Хабар 24 телеарнасы