389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысыр полициясы лаңкестік шабуылдың бетін қайтарды

  • 504
  • UPD: 15:26, 31.12.2017

Мысыр полициясы лаңкестікке қарсы операция жүргізіп, 4 қаскөйді жер жастандырды.

Оған қоса «Хасм» лаңкестік тобының 10 мүшесін қамауға алды. Олар елде террорлық шабуыл жасауды жоспарлаған. Египет Ішкі істер министрлігінің мәліметтеріне қарағанда, қаскөйлер Рождество қарсаңында туристер көп шоғырланатын ғимаратты жарып жіберуді ойластырған. Содырларға тиесілі нысандарды тінту кезінде жарылғыштар жасайтын сарай анықталды. 

Айта кетейік, лаңкестікке қарсы операция Каир қаласының маңындағы шіркеуге шабуыл жасалғаннан кейін өткізілді. Ол кезде қастандықтан 9 адам ажал құшқан еді.

Хабар 24 телеарнасы