384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Палестинада ХАМАС пен ФАТХ партиялары арасындағы келіссөздер уақытша тоқтады

  • 622
  • UPD: 10:38, 01.01.2018

Қос палестиналық партия ХАМАС пен ФАТХ арасындағы келіссөздер тағы да тоқтады.

Тараптар ортақ үкімет құруға келіскен сыңайлы болғанымен, ауызбіршілік болмай тұр.

Радикалды ХАМАС пен біртоғалау ФАТХ арасындағы келіссөздер бірде тоқтап, бірде қайта басталып жүргеніне бір жылдан асты. Алайда біртұтас үкімет құру туралы келісімге келсе де, соңы күштік құрылымдарды бақылауға келіп тірелді. Бұл жағдаймен қатар палестиналықтарға Мысыр қатты қысым жасап отыр. Каир Синай жарты аралымен өтетін Газамен шекарада бейбітшілікті қалайды. Алайда ол жерде қазір тыныштық бұзылған. Мысыр әскері онда ТГИЛ-мен соғыс жүргізіп жатыр.

Фаузи Бархум, ХАМАС өкілі:

- Каир келіссөзі кезінде Мысырдың бақылауымен ХАМАС пен ФАТХ арасындағы екіжақты кездесу барысында келіссөз өткізуге барлығы дайын. Оған қоса Газа секторында ұлттық, адамгершілік және этикалық оқиға саналатын қоғамдық істер де қамтылады. Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы, шекара, т.б. палестиналықтарға жағымды жаңалық болатын жағдайлар достық ахуалда отырып талқыланатын болды.

Мысырмен шекарадағы бақылау-өткізу пункті әлі жабық. Газаның сыртқы әлеммен байланысына шектеу қойылған. Каир көндірсе, шекараны ашып, келіссөздер алға баспақ.

Файез Абу Эйта, ФАТХ өкілі:

- Фатх пен ХАМАС қозғалысы биыл 12 желтоқсанда Каирде өткен келісімге сай, Газадағы бақылау-өткізу пунктін қадағалауды кейінге қалдыру жөнінде біздің мысырлық бауырларға өтініш білдірген болатын. Палестина халқының достасуға талпынған қадамын жүзеге асыру үшін бақылауды табыстау ақырындап жүзеге асатын болады.

Басты бөгет күш құрылымдарын бақылау болып табылады. ХАМАС Рамалла қолбасшылығына өз жасақтарын беруге дайын емес. Бұлар жоғары ұтқырлықты меңгерген, жақсы қаруланған, жатық дайындалған бөлімшелер. Және олар Хамастағы ең басты соққы беруші күшінен айырылғысы келмейді.

Ксения Светлова, арабтанушы:

- Мысыр халқы Газа секторындағы жағдайды кімнің бақылайтыны, қауіпсіздік саласында кімнің жауапты болатыны анық емес деп ашық айтты. Израиль секілді олар да Палестина автономиясының бәрін бақылауға алғанын қалайды.

Автономия үкіметі егер ХАМАС өз әскери бөлімшелерін Рамалла бақылауына бермесе, бұл идеяның қалай жүзеге асатынын білмейді. Әрі Газада ХАМАС-тан бөлек Ислам жиһады секілді ешкімге бағынбайтын қарулы топтар өте көп. 

Израиль де бұл келіссөздерге күмәнмен қарайды, себебі әртүрлі палестиналық фракциялар арасындағы келісімге келу туралы талпыныстар сәтсіз аяқталған болатын. Сондықтан іс жүзінде екі Палестина бар деп қарау керек. Бірі Батыс жағалауда, екіншісі Газада орналасқан. Ал мұнда бейбіт келіссөздердің іске асуы өте күрделі мәселе.

Хабар 24 телеарнасы