385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістандықтар Д.Трамп мәлімдемесіне қарсы ереуілге шықты

  • 388
  • UPD: 21:54, 03.01.2018

Пәкістанда АҚШ билігінің мәлімдемесіне қатысты ереуілдер белең алды.

Жиылған жұрт Дональд Трамп айыптарының бәрі негізсіз деп ұрандатып жатыр. Айта кеткен жөн, бұған дейін Ақ үй басшысы Twitter-дегі парақшасында: «Ресми Исламабад Ауғанстаннан келген содырларды жасырып, лаңкестікпен күрес жүргізуде көмек көрсетпейді», – деп жазған болатын. Оның хабарлауынша, соңғы 15 жылда америкалықтар мемлекетке 33 миллиард доллар қаржы бөліпті. Осы ретте АҚШ билігі лаңкестікпен күреске жоспарланған кезекті 255 миллион доллар қаржылай көмекті уақытша тоқтату шешімін қабылдаған. Бұл жанжалдан кейін Пәкістанның сыртқы істер министрлігі түсініктеме беру үшін АҚШ елшісін шақыртқан.

Музаммил Икбал, ереуілші: 

– Дональд Трамп бұл мәлімдемесімен Пәкістан билігіне тіл тигізді. АҚШ әдеттегідей алдына қойған мақсаттарына қол жеткізгеннен кейін ешкімді де керек етпейді.

Хабар 24 телеарнасы