384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қымбатшылық Түркия халқының қалтасын қақты

  • 525
  • UPD: 18:35, 04.01.2018

Түркияда 2017 жылғы тұтыну бағасының индексі 11,92 %.

Жылдық инфляция мөлшерін елдің статистика агенттігі жариялады. Оның ішінде отандық өнімдердің құны шамамен 16%-ға өскен. Бұл көрсеткіш Түркия Орталық банкі болжаған межеден жоғары болып шықты. Атап айтқанда, былтыр көлік тасымалы, азық-түлік, денсаулық сақтау мен қызмет көрсету саласында баға күрт шарықтаған. Жолақы орташа есеппен 18%-ға өсті. Бұл қымбатшылық қарапайым халықтың қалтасын қағып тұр.

Низзет Дэр, сатушы:

Сағат екі болды. Әлі алғашқы саудамызды жасағанымыз жоқ. Халықтың айлығы шайлығына жетер емес. Сол үшін саудамыз тұралап қалды. Негізі азық-түлікке баға әзірге тұрақты, бірақ халықтың сатып алу мүмкіндігі айтарлықтай азайды.

Нижат Динчер, Ыстамбұл қаласының тұрғыны: 

Жолақысы көтерілді. Оның соңынан қалғандары да қымбаттай бастады. Барлығы бір-біріне байланысты ғой. Яғни біздің тапқан табысымызды инфляция жеп жүр. Бұл жағдайда үкімет айлықты көтеру қажет немесе инфляцияны ауыздықтауы тиіс деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы