384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корей түбегіндегі туысқан қос мемлекет өзара келіссөз жүргізуге келісті

  • 551
  • UPD: 13:38, 05.01.2018

Солтүстік Корея Сеулмен келіссөз жүргізуге келісті. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның ұлттық біріктіру істері жөніндегі министрліктің ресми өкілі Байк Тэ Хён мәлімдеді.

Оның айтуынша, Солтүстік Корея 9 қаңтарда келіссөзге ресми делегация жіберетіндігі туралы жеделхат жолдаған. Кездесу қарусыздандырылған аймақтағы бақылау бекетінде өтеді. Басқосуда көтерілетін негізгі мәселе екі жақты қарым-қатынас болады. Оның ішінде солтүстіккореялық спортшылардың Пхёнчхан қаласында өтетін олимпиадаға қатысуы да бар. Ал соңғы мәліметке қарағанда Сеул мен Вашингтон олимпиада кезінде әскери жаттығу өткізбеуге келіскен.

Еске сала кетейік, өткен сәрсенбі күні Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын,,, көп жылдар бойы қолданылмай келген жедел желіні қайта қосуды бұйырған еді. Ал Пхеньян мен Сеул арасында жоғары деңгейде келіссөз соңғы рет 2015 жылы өткен.

Байк Тэ Хён, Оңтүстік Корея ұлттық біріктіру істері жөніндегі министрліктің ресми өкілі: 

- Алдағы келіссөзде тараптар екі жақты қарым-қатынасты жақсартуды талқылайды. Оңтүстік Корея екі ел арасындағы байланысты қалпына келтіру мен Корей түбегін ядролық қарудан азат аймақ етуге күш сала береді. Сонымен қатар, өңірде тұрақтылық пен бейбітшілік орнату үшін басқа елдермен де келіссөзді жалғастырамыз.

Хабар 24 телеарнасы