385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияда Уиндзор қаласының көшелерін үйсіздерден тазартуға бұйрық берілді

  • 347
  • UPD: 14:41, 05.01.2018

Ұлыбританиядағы Уиндзор қаласы қайыршылардан тазартылуы керек. Мұндай бастаманы көне ауданның басшысы өзінің твиттердегі парақшасында жариялады.

Айтуынша, Корольдік патшайымының немересі Гарри мен актриса Меган Марклдың тойына әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған қонақ келеді. Сонда көшеде түнеп, қайыр сұраумен айналысатындар шаһардың беделін түсіреді. Сондықтан жергілікті полиция бұл мәселенің шешімін табуы тиіс. Дегенмен, оның ұсынысы жергілікті жұрттың сынына ұшарды. Тіпті Корольдіктің премьер-минстрі Тереза Мейдің өзі Уиндзор басшысының сөзімен келіспейтінін жеткізді.

Айта кетейік, ханзада Гарри мен Меган Марклдың неке қию рәсімі 19 мамырға белгіленген. Салтанатты шара Уиндзор қорғанында орналасқан әулие Георгий шіркеуінде өтпек. Мұнда жылына шамамен 1 миллион 300-ге жуық саяхатшы келеді.

Тереза Мей, Ұлыбритания премьер-министрі:

- Аймақ басшысының бастамасын құптамаймын. Біз үйсіз қалған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге бар күшімізді салуымыз керек. Егер қайыршылар қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық жасаса ғана тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы