389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малайзия билігі 2014 жылы жоғалған ұшақты іздестіру жұмыстарын жаңғыртты

  • 500
Малайзия билігі 2014 жылы жоғалған ұшақты іздестіру жұмыстарын жаңғыртты static.zakon.kz

Малайзия билігі 2014 жылы жоғалған Malaysia Airlines MH370 ұшағын іздестіру жұмыстарын жаңғырту туралы шешім қабылдады.

Оған америкалық Ocean Infinity компаниясы жетекшілік етеді.

Бұл жұмыстар «Нәтиже жоқ – төлемақы жоқ» принципі бойынша жүретін болады.

Сондай-ақ Австралияның сулы аймақтарының 25 мың шаршы метрі тексеріледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың қаңтар айында Австралия, Қытай және Малайзия билігі авиакомпании Malaysia Airlines компаниясының Boeing 777-200 әуе кемесін іздестіру жұмыстарын тоқтатқан болатын.

Boeing 777-200 ұшағы радардан 2014 жылдың 8 наурызында із-түзсіз жоғалған. Бортта 227 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі болған. Кейін оның сынық бөлшектері Үнді мұхитының жағалуынан табылған болатын.

Хабар 24 телеарнасы