385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигериялық босқындар отанына оралады

  • 429
  • UPD: 17:58, 07.01.2018

Нигерия билігі өз азаматтарын Ливиядан қайтарып жатыр.

Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Джеффри Ониима мәлім етті. Оның айтуынша, Ливия астанасына 2 ұшақ жіберілді, жоспар бойынша олар 800 нигериялықты тасып әкелмек. Дерек бойынша 5 мыңнан астам адам елге қайтарылуы тиіс. Ливия арқылы Еуропаға қоныс аудармақ болған африкалық мигранттардың арасында Нигерия азаматтарының үлесі басым деп танылған. Ливия жағалау қызметі көші-қон саясатын қатаңдатқаннан кейін өткен жылдың шілде айынан бастап бұл елде олардың көпшілігі қалып қойған. «Рейтер» агенттігінің дерегінше, көші-қон лагерьлеріндегі жағдай көңіл көншітерлік емес, зорлық-зомбылық фактілері жиілеп кеткен. Осы орайда Халықаралық көші-қон ұйымы мигранттарды елдеріне қайтарумен айналысатын бағдарламаны іске қосты.

Джеффри Ониима, Нигерияның сыртқы істері министрі: 

– Президент отандастарымызды елге қайтару үшін қолдан келгенді жасады. Қазір мигранттардың санын дөп басып айту қиын, дегенмен 5000 адам Нигерияға қайтарылады деген үміттеміз. Мақсат олардың отанға оралуын тездету. Біз жергілікті билік пен халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесіп, осы мәселені қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы