386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондураста жүздеген адам ереуілге шықты

  • 394
  • UPD: 17:42, 07.01.2018

Гондурастың Сан-Педро-Сула қаласы көшелеріне жүздеген адам ереуілге шықты.

Шерушілер екінші мерзімге қайта сайланған ел президенті Хуан Орландо Эрнандестің биліктен кетуін талап етіп отыр. Белсенділер оның қарсыласы Сальвадор Насралланың президент болғанын қалайды. Шерушілер қазіргі мемлекет басшысына конституцияны бұзды және халық пікірімен санаспайды деген айып тақты.

Еске сала кетейік, оппозиция өкілдері өткен президенттік сайлау қорытындыларының күшін жоюды талап еткен болатын. Бірақ Гондурастың жоғарғы сайлау трибуналы бұл шағымды қабылдаған жоқ. Сот ұсынылған дәлелдер Хуан Орландо Эрнандесті отставка кетіруге жеткіліксіз деп мәлімдеген еді. Негізі мұндай бас көтерулер елде бірнеше мәрте болған. Бұған дейін наразы тарап қайтадан дауыс беруді немесе бюллетеньдерді қайта санауды талап еткен. Ресми дерек бойынша, сайлауға қатысты тәртіпсіздіктерде 30-дан астам адам қаза тапқан.

Сальвадор Насралла, оппозиция үміткері: 

– Азаматтардың кемінде 80 пайызы қазіргі президентке қарсы. Халықпен санаспағасын жұрт көшеге шығып, өз наразалықтарын білдіріп жатыр. Сайлау трибуналындағы заңбұзушылықтарды көре тұра, қол қусырып отыра алмаймыз. Оның мойнында қаза болғандардың қаны бар.

Хабар 24 телеарнасы