384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада әмбебап дүкендердің алдын полицейлер мен әскерилер күзетеді

  • 403
  • UPD: 15:20, 08.01.2018

Венесуэлада соңғы уақытта сауда орындарын тонау оқиғалары жиілеп кеткен.

Сонымен қоса биліктің жақында шыққан жарлығына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Құжатқа сәйкес, елдегі ең танымал 30-ға тарта әмбебап дүкенде бірқатар тауардың бағасы төмендетілген. Сондықтан сауда орындарында арзан азық-түлікке кезек көбейген. Осы ретте әскерилер бір жағынан тонау деректерінің алдын алса, екінші жағынан сатып алушылар санын шектеумен айналысады.

Мария Кларос, жергілікті тұрғын:

– Бұл дұрыс шешім болды. Әйтпесе дүкен иелері бағаны 300 пайызға дейін көтеріп, ойына келгендерін істеп жатыр.

Кармен де Родригез, жергілікті тұрғын:

– Біз әдейі ертерек келсек те, ішке кіре алмай отырмыз. Естуімше, түнде бағалар кәдімгідей арзан болған екен. Ал бүгін тауарлардың құны тағы да көтеріліп жатқан көрінеді. Бұл қалай болғаны сонда? Қымбат азық-түлікті халықтың қалтасы көтермейді.

Негізі қазір Венесуэлада экономикалық дағдарыс орнаған. Оған мұнай бағасының құлдырауы себеп. Мемлекеттік кірістің 90 пайызы қара алтын экспортына тәуелді. Сондықтан қазір елде азық-түлік тапшы. Былтыр инфляция көлемі 4 мың пайыздан асқан. Ол аздай, Латын Америкасындағы бұл мемлекетте саяси дағдарыс та өршіп тұр. 

Хабар 24 телеарнасы