386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядағы төтенше жағдай мерзімі ұзартылады

  • 487
  • UPD: 13:49, 09.01.2018

Түрік билігі елдегі төтенше жағдайды тағы 3 ай мерзімге ұзартады. Бұл туралы Түркия Премьер-министрінің орынбасары Бекир Боздак мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл мәселе ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен,, үкіметтің алдағы отырысында қаралады. Атап өту керек, Түркияда 2016 жылы болған төңкеріс әрекетінен кейін,, төтенше жағдай жарияланып, парламенттің мақұлдануымен ол әр 3 ай сайын 5 мәрте ұзартылды. Сол үшін еуроодақ пен Түріктің оппозициялық партиялары ресми Анкараны демократиялық құндылықтарға қайшы әрекет етіп жатқаны жөнінде сын таққан. Алайда түрік үкіметі азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғап, террорлық ұйымдарға қарсы белсенді күрес жүргізу үшін осындай батыл шаралар қабылдау қажет деп түсіндіреді.

Бекир Боздак, ТР премьер-министрінің орынбасары:

- Төтенше жағдай тағы 3 ай мерзіміне ұзартылады. Әрине ол үшін ұлттық қауіпсіздік кеңесі ұсыныс білдіріп, үкіметтің кеңейтілген жиынында қаралуы тиіс. Бұл мәселе алдымыздағы отырыстың күн тәртібіне енгізілген.

Хабар 24 телеарнасы