386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы сальвадорлық мигранттар отанына қайтарылуы мүмкін

  • 324
  • UPD: 13:59, 09.01.2018

АҚШ билігі көші-қон саясатын одан әрі қатаңдатпақ. Осы жылдың қыркүйегінде Құрама Штаттарда өмір сүріп жатқан 200 мың сальвадорлық босқын еліне қайтуы мүмкін.

Өйткені билік оларға елде тұруға берілген уақытша рұсаттың күшін жоймақ. Яғни бұл азаматтар мемлекет қамқорлығына алынбайды. Сондықтан еліне қайтуға мәжбүр. Шешімді естіген босқындар Ақ үйдің алдына жиналып, Трамптың әкімшілігіне қарсы ереуілдер өткізді. Алдын ала болжам бойынша алдағы жылы АҚШ-та уақытша тұруға рұқсат беретін бағдарлама Гондурас, Гаити және Никарагуа босқындары үшін де аяқталуы ғажап емес.

Айта кетейік, АҚШ сальвадорлықтарға арнайы мәртебені 2001 жылы берді. Өйткені сол жылы Сальвадорда жойқын зілзала болып, 10 мыңға жуық адам баспанасыз қалды. 

Линдольфо Карбалио, мигрант: 

- Менің ойымша бұл шешім жалғыз сальвадорлықтарға ғана қатысты емес. Билік осында бірнеше жылдан бері тұрып, қоғамға сіңіп кеткен өзге елдің азаматтарын да қозғауы мүмкін. Бұл сырт елден келгендерге көрсетіліп отырған қысым. Әділетсіздікті тоқтатуымыз керек.

Сара Рамирес, мигрант: 

- Елді қорған салып, қоршап алса да босқындардың нөпірін тоқтата алмайды. Өйткені біз мұнда қызық іздеп келіп жатқанымыз жоқ. Еліміздегі қиын жағдайларға байланысты амалсыз бас сауғалап келдік.

Хабар 24 телеарнасы