369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирия әскерінің шабуылынан 85 бейбіт тұрғын көз жұмды

  • 339
  • UPD: 07:56, 12.01.2018
Сирия әскерінің шабуылынан 85 бейбіт тұрғын көз жұмды

Сирия әскерінің шабуылынан осы жылдың басынан бері Шығыс Гутаның 85 бейбіт тұрғыны қаза тапқан.

Марқұмдардың қатарында 30 бала мен 20-дан астам әйел бар. Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі комиссары Зейд Раад әл-Хусейн хабарлады. Оның айтуынша, аймақтағы тұрғын үйлерге күндіз-түні әуе мен құрлықтан шабуылдар жасалып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, келісім бойынша Шығыс Гута деэскалация аймақтарының біріне кіреді. Бұл құжатқа үш кепілгер ел – Ресей, Түркия және Иран қол қойған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы