387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте теміржол қатынасы тоқтап қалды

  • 473
  • UPD: 13:33, 12.01.2018
Гонконгте теміржол қатынасы тоқтап қалды

Гонконгтағы теміржол желілерінің бірінде белгі беру жүйесі істен шықты.

Салдарынан шойынжолда тұрған пойыздардың қозғалысы кідірген. Техникалық ақауға байланысты қала ішіндегі электр пойыздары да тоқтады. Салдарынан мыңдаған жолаушы діттеген жеріне жете алмай, теміржол станцияларында кептеліс туындаған. Теміржол әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, станцияларда адам езгісі болмас үшін тиісті қадамдар жасалды. Сонымен қатар жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша автобустар ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы