383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


КХДР Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиадаға қатысатын болды

  • 715
  • UPD: 18:24, 12.01.2018

Осы аптада Солтүстік Кореяның Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатыны шешілді.

Екіжақты келіссөзден кейін Солтүстіктің спортшылары Пхенчхандағы кешенді сынға үлкен топпен аттанады. Кеше Корей халық демократиялық Республикасының халықаралық Олимпиада комитетіндегі өкілі Чанг Унг ұйымның Лозаннадағы штаб-пәтерінде болып қайтты. Халықаралық Олимпиада комитеті 20 қаңтарда Солтүстік Кореяға қатысты маңызды шешім шығарады. «Шетелдік ақпарат құралдары қысқы Олимпиаданың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген еді. Олар Солтүстік Корея тарапынан болуы мүмкін қатерлерді сөз еткен болатын. Алайда соңғы уақытта келіссөз өз жемісін берді. Енді Солтүстік Корея қысқы Олимпиадаға лауазымды тұлғалар бастаған үлкен топпен келеді», – дейді Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик. Біздің арнаның тілшісіне берген сұхбатында елші Пхенчхандағы дайындық барысын сөз етіп, алдағы ақ Олимпиаданың екіге бөлінген корей халқын татуластыратынын атап өтті.

Ким Дэсик, Оңтүстік Кореяның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі: 

– Корей Халық Демократиялық Республикасы Олимпиадаға үкіметтегі лауазымды тұлғалары бастаған үлкен топпен келеді. Сонымен қатар спортшылардың және жанкүйерлер мен тілшілердің де қарасы көп. Мәдени іс-шараға қатысатын әртістер де бар. Олардың арасында арнайы қойылымдарға қатысатын таэквондошылар да болады. Пхенчхандағы қысқы Олимпиада әлемді бейбітшілік және бірлікке шақыратын жарыс ретінде есте қалады.

Хабар 24 телеарнасы