369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда табылған магма қуатты жер сілкінісіне апарып соқтыруы мүмкін

  • 266
  • UPD: 12:43, 13.01.2018

Апеннинде жер қыртысынан магма табылды. Жер қойнауында қалыптасқан бұл жыныс түрі қатты жер дүмпуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Жаңалықты итальян ғалымдары ашып отыр. Магма көзі Апеннин жотасында 15-25 метр тереңдікте Кампания және Молизе аудандарының шекарасында табылған. 2013 жылы болған жер сілкінісін жіті зерттеген ғалымдар «жер қыртысының опырылуы емес, магма көзі зілзаланың басты себебі» деген қорытындыға келген. Егер осы ауданда магма түзіле берсе Италияда бірнеше мың жылдан кейін жаңа жанартау пайда болуы ғажап емес.  

Франческа Ди Луччио, Италияның геофизика және жанартаутану ұлттық институтының геофизигі:

- 2013 жылы Апеннинде магнитудасы 5 балды құраған зілзаланың барлық сейсмикалық белгілерін зерттедік. Салыстыра келе оның осы аймақта болған жер сілкіністерінен өзгеше екенін байқадық. Апеннин тауларының оңтүстік бөлігінде жер қойнауынан магманың көтеріліп келе жатқанын тіркедік.

Хабар 24 телеарнасы