389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда вертеп мүсіндерін астыртын сатумен айналысқан топ ұсталды

  • 469
  • UPD: 15:33, 13.01.2018

Италия полицейлері «қара базарда» ескі жәдігерлерді астыртын сатумен айналысатын қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Іздестіру барысында ел аумағынан 250 көне вертеп мүсіні табылған. Олардың барлығы Рождество мейрамы кезінде католик шіркеулерден, ал кейбірі сонау 90-жылдары қолды болған екен. Құнды жәдігерлерді бұдан 300 жыл бұрын Неаполь қолөнершілері жасап шығарған. Мүсіндердің бағасы 2 миллион АҚШ долларынан асады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жәдігерлердің жартысы өз иелеріне қайтарылса, қалғандары Неапольдегі Вертеп мұражайына тапсырылады. 

Валерио Марра, мәдени мұраны қорғайтын карабинерлер тобының қолбасшысы:

- Қолға түскен жәдігерлердің бағасы шамамен 2 миллион АҚШ доллары шамасында деп бағаланды. Бірақ олардың рухани құндылығы одан да жоғары екені даусыз. XVIII ғасырдың бұл ойыншықтары теңдессіз, мұны неаполитандық ұсталар хас шеберлікпен  жасаған.

Хабар 24 телеарнасы