384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда мұнай танкері суға батып кетті

  • 560
  • UPD: 09:49, 15.01.2018

Шығыс Қытай теңізінде «Санчи» деп аталатын мұнай танкері суға батып кетті.

Ол 6 қаңтарда жүк таситын кемемен соқтығысып, апатқа ұшыраған еді. Шанхай құтқару-іздестіру орталығының дерегі бойынша, әуелі танкер отқа оранған. Салдарынан бортындағы 32 адамның барлығы да ажал құшты. Құтқарушылар әзірге 3 адамның денесін тапты. Танкер «Санчи» Панама еліне тиесілі, алайда оны ирандық компания пайдаланып келген. Қаза болған экипаж мүшелерінің дені Иран азаматтары екен.

Хабар 24 телеарнасы