Әбу-Дабиде саммит аясында ашылған көрмеде Қазақстан павильоны қойылды

Әбу-Дабиде «Болашақтың энергиясы» атты XI дүниежүзілік саммит өтіп жатыр.

Ауқымды шараға 26 мыңнан аса адам қатысып, 20 елдің павильоны мен 650 компанияның экспоненті ұсынылды. Әлем көз тіккен жиынға еліміздің атынан энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ербол Шорманов қатысты. Жалпы аумағы 195 шаршы метрді құрайтын көрмеде Қазақстанның да павильоны қойылған.

Гүлмира Бақпасова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ департаментінің бас менеджері:

– Біз елімізде іске асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ жаңғыртылатын энергия көздері мен көлік-логистикалық инфрақұрылым бағытындағы жобаларды ұсындық. Қазақстан аталған саммитке жыл сайын қатысып келеді. Бұл өз кезегінде энергетика саласына инвестиция тартуға септігін тигізбек.