389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехиядағы нормадан тыс қар: 2 адам көз жұмды, 10 адам зардап шекті

  • 684
  • UPD: 14:13, 17.01.2018
Чехиядағы нормадан тыс қар: 2 адам көз жұмды, 10 адам зардап шекті Фото: vesti.ru

16 қаңтарда Чехияның оңтүстігінде 30 автомобильдің қатысуымен болған жол апатынан он адам зардап шекті.

Бұған қардың қатты жаууы себеп. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, зардап шеккендер жеңіл жарақатпен ғана құтылған. Көлік апатының кесірінен Йилгаваның солтүстігіне қарайғы тажол бөлігінде қозғалыс шектеліп қалған. Қазір қар тазалайтын көліктер бұл жолды тазалап жатыр.

16 қаңтарда Чехияның барлық аумағында қатты жел мен нормадан тыс қар түсіп, 100-ден астам жол апаты болған. Бұл – соңғы он жылдағы елдегі ең ірі жол-көлік оқиғасы, деп жазады ТАСС агенттігі.

Сонымен қатар Чехияның солтүстік-шығысында аумақты қардан тазарту кезінде 3 адамның жүрек талмасы ұстап қалған. Кейін олардың екеуі жан тапсырыпты.

Краловеградецкий өңірінің жедел жәрдем қызметінің өкілі Иво Новактың айтуынша, халықтың басым бөлігі үй маңындағы қарды өз күштеріне сеніп, тазалауға кіріскен. Әсіресе созылмалы жүрек аурулары бар адамдарға қар күреуге кіріскен екен. Нәтижесінде егде жастағы үш адамның жүрек талмасы ұстап қалған. 

Біреуінің жүрек қызметін дәрігерлер ретке келтірсе, қалған екеуінің өміріне араша түсе алмаған. 

Хабар 24 телеарнасы