389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрияда жастар білім саласын реформалауды сұрап отыр

  • 597
  • UPD: 21:30, 20.01.2018

Венгрияда мыңдаған студент пен мұғалім үкіметтен білім саласында реформа жүргізуді талап етіп, наразылық шеруіне шықты.

Шара Будапештегі ұлттық парламент алдында өтті.

Жастар биліктен ескі білім беру жүйесін өзгертуді сұрап отыр. «Өйткені ол шәкірттердің жасампаздығы мен терең ойлауына емес матриалдарды тек соқыр жаттауға негізделген», – дейді. Сондай-ақ шараны ұйымдастырушылар биліктен оқу материалдарын таңдау еркіндігін енгізуді және студенттердің шәкіртақысын өсіруді талап етіп отыр.

Айта кетейік, қазіргі премьер-министр Виктор Орбан үкіметі венгр жастар тарапынан жиі сынға ұшырап келеді. Себебі олар биліктің ескішіл саясат ұстанып, Еуропалық Одақпен терең интеграцияны жүзеге асырмай отырғанына наразы.

БЛИЦ

– Біз биліктен білім саласында реформа жүргізуін сұраймыз. Өйткені үкіметтің осы саладағы жұмысы сын көтермейді.

Біз білім жүйесінің реформаланып, ашық болғанын қалаймыз. Себебі мұнда еркіндік жоқ. Мысалы, оқулықтарды шығару монополияланған.

 

Хабар 24 телеарнасы