388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулдағы арнайы операция аяқталды

  • 438
  • UPD: 19:01, 21.01.2018
Кабулдағы арнайы операция аяқталды

Ауғанстан астанасында бірнеше сағатқа созылған арнайы операция аяқталып, содырлардың көзі жойылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қарулы топ Кабулдағы қонақүйге шабуыл жасап, ондағы жұртты тұтқынға алған болатын. Нақтыланған мәлімет бойынша, қарулы қақтығыс кезінде 43 адам қаза тауып, тағы алтауы жараланған. Марқұмдардар арасында бір шетел азаматы бар. Арнайы операция барысында күштік құрылым өкілдері 150-ден астам адамды мейманханадан эвакуациялады. Ғимаратта өрт шыққан. Қазір мамандар тілсіз жауды ауыздықтаумен айналысып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы